Tinder қауіпсіздігі

Қауіпсіздігіңнен артық ештеңе жоқ.

Жаңа адамдармен кездесу көңілге күмән емес, қуаныш сыйлауы керек. Tinder қолданбасында да, одан тыс та жағдайды толық бақылауда ұстауға көмектесетін құралдар мен ресурстарды тап.

Қауіпсіздікке деген көзқарасымызбен танысып көр

Қауіпсіздік жай ғана функция емес.Ол – біздің негізіміз.

Өйткені өзіңді қауіпсіз сезінгенде, алдыңнан шексіз мүмкіндіктер ашылады.

Міне, әр қадамыңда осылай қолдау көрсетеміз.

Қауіпсіздікке деген көзқарасымыз

Бет верификациясы¹, Фотосурет верификациясы, Кездесуімді бөлісу, блоктау, жұпты үзу және шағымдану — бәрі әрдайым қол астында. Әр қадамды бақылауда ұстауға көмектесу үшін жасалған.

Бірінші кездесуге дейін білуге тұрарлық бірнеше нәрсе.

Алдымен вайбты тексеріп ал.

Қолданбада чат арқылы сөйлесіп, жақынырақ танысыңдар. Телефон нөміріңді, әлеуметтік желілеріңді немесе басқа жеке деректеріңді тек өзің сенімді болғанда ғана бөліс.

Алғашқы кездеуді қоғамдық жерде өткіз.

Алғашқы кездесуге адам көп жерді таңда. Кафе, бар, саябақ.

Жоспарларыңды біреуге айтып қой.

«Кездесуімді бөлісу» функциясын қолдан немесе кіммен, қай жерде және қай уақытта кездесейін деп жатқаныңды досыңа айтып қой.

Телефоныңды зарядтап шық.

Қоңырау шалу, хат жазу, картаны көру немесе қажет болса кетіп қалу мүмкіндігің болғанына көз жеткіз.

Ол жаққа барып-қайтатын жолыңды жоспарлап қой.

Баратын және қайтатын жолыңды жоспарла, кетіп қалу өз еркіңде болуы керек.

Ішкі түйсігіңе сен.

Бірдеңеге күмәндансаң, ішкі түйсігіңді тыңда. Кез келген уақытта кетіп қалуыңа, блоктауыңа, жұпты үзуіңе немесе шағымдануыңа болады.

Сондай-ақ мыналарды назарда ұстаған дұрыс:

Олармен Tinder-де таныс.

Әңгіменің қауіпсіз болуы үшін, біз технологияның да, модераторлардың да көмегіне жүгінеміз. Теріс пиғылды пайдаланушылар SMS-ке немесе басқа қолданбаға ауысуға тырысады. Ондай сигналдарға назар аудару керек.

Өзіңе бейтаныс жерде саяхаттап жүрсің бе?

Егер профиліңе ориентацияңды қоссаң, оны кейбір қауіпті аймақтарда автоматты түрде жасырамыз. Ол жақтан шыққан соң, ол профиліңде қайта көрсетіледі.

Келісім — үздіксіз процесс.

Tinder-дегі кез келген әрекет басынан аяғына дейін өзара келісімге негізделуі керек. Кез келген сәтте бірдеңе дұрыс емес сияқты сезілсе, түйсігіңе сен.

Tinder – мағыналы байланыс орнатуға арналған орын.

Әркім өзін жайлы сезінгенде, біздің қауымдастық өркендейді. Сондықтан Қауымдастық қағидаларына басты аса жауапкершілікпен қараймыз.

Мұнда болмауы тиіс бірдеңе көрдің бе? Оның үстінен шағымдан.

Әрбір шағым Tinder-ді қауіпсіз етуге көмектеседі.

Қауымдастық қағидаларын оқу

Біз саған жұп табудан бастап кездесуге дейін өзіңді қауіпсіз әрі қолдау тапқандай сезінуге көмектесеміз.

Сұрақтарың бар ма? Әркімнің кемінде бір сұрағы бар.

Жиі қойылатын сұрақтарға өту

1. Бет верификациясы тек кейбір нарықтарда қолжетімді және талаптар аймаққа байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

Жарайды, бірақ.. неліктен Tinder?

Қос кездесу мүмкіндігі көрсетілген Tinder қолданбасы

Қос кездесу, Музыка режимі, Астрология режимі, Төлқұжат, Қарым-қатынас мақсаттары және Фотосурет верификациясы сияқты функциялардың арқасында Tinder 190 елде жұмыс істейді, свайпты іске қосқаннан бері 55 миллиардтан астам жұп құрылған, әлемдегі ең танымал кездесу қолданбасы болып қала береді. Сол жұптардың әрқайсысының артында шынайы адам тұр. Мақсат әрдайым сол болған. Бұл — сен басқа уақыттаа ешқашан жолықпайтын адамдармен танысатын жер: жаңа ұнататын адамың, бірге сапарға шығатын серік, не баяу басталып, ақырында шынайы махаббатқа айналатын таныстық. Не іздесең де, не әлі іздемей жүрсең де, Tinder саған оны түсініп алатын кеңістік ұсынады.

Профиль жаса, параметрлеріңді орнат та, Свайптар жасай баста. Біреуге лайк бассаң және ол да саған лайк басса, жұп пайда болады. Одан кейін бәрі өз қолыңда. Хат жібер, бірдеңе жоспарла, сосын не болатынын көр. Қос кездесу, Музыка режимі, Төлқұжат, Үйлесім және тағы басқа функциялардың арқасында Tinder кез келген байланыс түріне лайықталып жасалған: жеңіл-желпі, маңызды немесе екеуінің арасындағы бір нәрсе.

Tinder қолданбасын iOS және Android жүйесіне тегін жүктеп ал.

Осы оқығаның жетеді. Енді өзің кіріп біл.

Tinder жүктеп алу

Осы оқығаның жетеді. Енді өзің кіріп біл.

Tinder жүктеп алу