Қауымдастық ережелері
Tinder-ге қош келдіңіз!
Tinder - мағыналы байланыс орнатуға арналған орын. Ол Свайптен басталады. Кейде түртесің. Кейде түртпейсің. Кейде сөйлесу соңы үлкен оқиғаға ұласады. Мүмкіндік жетіп артылады. Оған шектеу жоқ. Барлығы (ересектер) келіп, зерттеп көруіне болады.
Біз Tinder қызықты, қауіпсіз әрі инклюзивті кеңістік болса дейміз, бұл жерде өзгелермен танысқан әр адам өзін еркін сезініп, өз болмысына адал бола алады. Сол үшін Қауымдастық қағидалары жасалды – мұнда қолданбаны қолданғанда және одан тыс жерде әркімнің мінез-құлқына қатысты талаптар анықталған. Сондықтан оны оқып шығыңыз, бұл нұсқаулықтарды орындамаудың салдары болары сөзсіз - ескертуден бастап тыйым салуға дейін барады.
Tinder-дің ережелері:
1. Жеке шекарадан аттамаңыз. Әр адамның өзін жайлы сезіну деңгейі әртүрлі болады. Сондықтан да профиліңізде жалаңаш фотолар, сексуалды контент, сексуалды қалаулар мен жыныстық қатынас іздеу туралы айтуға жол бермейміз. Егер жеке сөйлесу кезінде әркім бұл тақырыптарды қалап тұрса, оған қарсы емеспіз. Келісім маңызды.
2. Абайлап және ойластырып бөлісіңіз. Жеке ақпаратыңызды немесе адамдардың сізбен байланысу жолдарын көпшілікке жарияламаңыз (мысалы, телефон нөмірлерін, электрондық пошта мекенжайларын немесе әлеуметтік желі аккаунттарын ашып көрсетуге болмайды). Банк шотыңыздың нөмірлерін немесе электрондық пошта құпиясөзін бөлісу - әркез құпталмайтын әрекет. Басқалардан да жеке мәліметтерін жіберуді сұрамаңыз. Сақ болыңыз, егер біреу өзіне ақша жіберуді сұраса немесе сізді инвестиция салуға шақырса, ол алаяқ болуы әбден мүмкін.
3. Зорлық-зомбылықты қамтитын контенттен аулақ болыңыз. Біз позитив контенттерді насихаттаймыз және зорлық-зомбылықты, оның ішінде қантөгіс, өлім, зорлық-зомбылық әрекеттерінің суреттері немесе сипаттамалары (адамдарға немесе жануарларға қарсы), қару қолдануды және өз-өзіне зиян келтіруді насихаттайтын немесе дәріптейтін кез келген контентке төзбейміз.
Егер тікелей қауіп төніп тұр деп есептесек, дағдарысқа қарсы ресурстармен тікелей байланысу , сияқты көмек көрсетуге арналған қадамдар жасай аламыз.
4. Бизнесті көздейтін емес, жеке байланыстар орнатыңыз. Жарнама жасамаңыз, насихаттамаңыз, әлеуметтік желі аккаунттарыңызды фолловерлер жинау, зат сатуға, қаражат жинауға немесе науқан жүргізу мақсатында бөліспеңіз. Бұл сондай-ақ Tinder-дің жыныстық қызметтер, эскорт қызметтері немесе ақы төленетін қарым-қатынастарға арналған орын еместігін білдіреді. Сондықтан Tinder-ді демеуші ретінде қолданбаңыз.
5. Шын келбетіңізді сақтаңыз. Адамдар сіздің шынайы қалпыңызды көргісі келеді. Жалған түріңізді емес. Фейк аккаунт жүргізбеңіз немесе, тіпті қызық үшін болса да өзіңіз емес біреу болып көрінбеңіз.
6. Сыпайы қарым-қатынас жасаңыз. Жаңа адамдармен сөйлесу күрделі болуы мүмкін, әсіресе өмірдің әртүрлі саласында жүрген адамдармен қарым-қатынас жасағанда соны байқайсыз. Сыйластық соңы жақсы істерге ұласады.
Егер әңгіме ауаны күтпеген жерден бұзылып, сіз ашуланып немесе көңіліңіз қалғанын сезінсеңіз – әрекет жасамас бұрын, біраз тоқтап, ойланып алыңыз. Қысым көрсету, қорқыту, зорлық-зомбылық көрсету, қорқытып алу, жеке мәліметтерді жариялау, сексуалдық бопсалау, бопсалау немесе зиян келтіру мақсатында жасалған кез келген әрекетке тыйым салынады.
Tinder - жеккөрініш орны емес. Біз адам кім болса да, қалай өзін танытса да немесе қандай көріністе болса да ешқашан нәсілшілдікке, фанатизмге, жеккөрушілікке немесе осындай басқа сипаттарға негізделген зорлық-зомбылықты қолдамаймыз. Бұл адамның нәсілі, этникалық тегі, ұлттық мәртебесі, иммиграциялық статусы, кастасы, діні, жынысы, жыныстық бағдары, мүгедектігі, дене пішіні немесе денсаулық жағдайы сияқты ерекшеліктерді қамтиды (бірақ онымен шектелмейді). Егер біреу сіздің жеке талабыңызға сай келмесе, оған лайк баспаңыз немесе жұпты үзіңіз де, ары қарай кете беріңіз. Біздің саясатымызды бұзғаны анық болмаса олардың үстінен шағым түсірмеңіз.
7. Жеккөрініш емес, мейірімге сүйеніңіз. Басқа пайдаланушыға зиян келтіруге бағытталған, ниеттенген немесе зиян тигізетін кез келген әрекеттер немесе мінез-құлық – онлайн немесе офлайн, физикалық немесе цифрлық түрде – үлкен байыппен қаралады. Бұған зиян келтіруге шақыру немесе арандату әрекеттері кіреді.
Егер Tinder-де біреуден жәбір көрген болсаңыз: бірінші кезекте өз қамыңызды ойлаңыз, екінші кезекте залалдан арылу үшін не қажет екенін ойлаңыз, бұл жауапкершілікті талап ету, мәлімдеу, қолдау көрсету немесе бұлардың бәрі болуы мүмкін. Егер бұған залалды әрекет туралы бізге хабарлауды қамтыса, өтініш, бізге хабарлаңыз. Сіздерге көмектесу - біздің міндетіміз.
8. Тек ересектер. Tinder-ді қолдану үшін жасыңыз 18 және одан жоғары болуы керек. Бұл сондай-ақ біз жеке тұрған немесе жалаңаш кәмелетке толмағандардың суреттерін, соның ішінде бала кезіңіздегі суреттерді, қандай сүйкімді болғаныңызға қарамастан, қабылдамайтынымызды білдіреді.
9. Заңға бағыныңыз. Ешқандай заңсыз контент немесе әрекеттерге ешқашан рұқсат жоқ. Бұл Tinder-ді есірткі немесе контрафактілі тауарлар сатып алу немесе сату, сондай-ақ заңды бұзуға көмек сұрау үшін пайдалануға болмайтынын білдіреді. Біз ешқашан Tinder-ді кәмелетке толмағандарға зиян келтіру немесе адам саудасына қатысу үшін пайдалану әрекеттеріне төзбейміз.
10. Бір адам - бір аккаунт. Әр аккаунтта тек бір иесі болуы керек. Логистикалық және құпиялық себептеріне байланысты біз бір аккаунтты бірнеше адамның иеленуін қолдамаймыз, әр адамның өз аккаунты болуға тиіс. Оған қоса, бір адам бір уақытта бірнеше аккаунт иелене алмайды.
11. Бұл сіздің кеңістігіңіз, жеке контентіңізді жариялаңыз. Сізге рұқсат бермейінше басқа адамдардың суреті мен жеке хабарларын жарияламаңыз. Басқа адамдардың авторлық құқықпен немесе сауда маркасымен қорғалған жұмыстарын жарияламаңыз.
12. Tinder-дің жақсы қолданушысы болыңыз. Tinder қолданбасын теріс мақсатта пайдаланбаңыз. Tinder-ді жалған немесе шатастыратын ақпарат таратуға қолданбаңыз. Зиянды сілтемесі немесе жағымсыз контенті бар спам хабарламалар жібермеңіз. Жаппай көптеп аккаунттар ашудан аулақ болыңыз. Tinder-ді адамдарға айла-шарғы жасау, оларды алдау немесе ақша не басқа нәрселерді жіберуге көндіру үшін пайдаланбаңыз. Достарыңызбен және отбасыңызбен танысқан адамдар туралы сөйлесуге болады, бірақ басқалардың ақпаратын баршаға жария түрде бөліспеңіз. Жалған, адастыратын немесе жаман ниетпен жасалған есептер жібермеңіз. Функцияларды ашу немесе жүйені айналып өту үшін үшінші тарап қолданбаларын немесе басқа технологияларды пайдаланбаңыз. Tinder, Match Group немесе оның серіктестерімен тікелей сөйлескенде қудалауға, қорқытып-үркітуге немесе басқаша түрде осы ережелерді бұзуға болмайды.
13. Белсенді болу үшін бізбен бірге болыңыз. Егер сіз екі жыл бойы Tinder аккаунтыңызға кірмесеңіз, біз оны пайдаланылмайды деп есептеп, белсенді болмағаны үшін жоюымыз мүмкін. Сондықтан, егер қолданбада көрінгіңіз келсе, арасында кіріп тұрыңыз.
Хабарлау
Tinder қауымдастығының мүшесі ретінде, сізді пікір білдіруге және өз ойыңызды ашық айтуға шақырамыз. Егер біреу сізге жәбір келтіріп жатса немесе біздің Қауымдастық қағидаларын бұзса – хабарласыңыз. Хабарлаушы туралы деректі ашпаймыз, ол құпия болып қалады. Хабарлау арқылы сіз зиянды әрекеттің алдын алып, басқаларды қорғайсыз.
Ықпал
Біз Қауымдастық қағидалары мен оның қауымдастыққа әсерін өте маңызды деп санаймыз. Сондықтан адамдар оны ұстанатынына көз жеткізу үшін бәрін жасаймыз. Бізде ескерту жүйесі бар, бірақ егер ереже бұзушылықтар жалғасса немесе ауыр болса, біз тиісті шаралар қолданамыз.
Біз Қызметті теріс пайдаланғаныңызды немесе Tinder өз Қауымдастық қағидаларына немесе Пайдалану шарттарына қайшы келетін немесе заңсыз әрекеттер жасағаныңызды анықтасақ, есепті тексеруге және/немесе аккаунтыңызды жоюға құқылы боламыз, ал сатып алулар бойынша ақшаны қайтармауымыз мүмкін, оның ішінде Қызметтен тыс басқа пайдаланушылармен байланыс немесе әрекеттер де кіреді.