Жиі қойылатын сұрақтар

Егер бізді жақынырақ білгіңіз келсе, дұрыс таңдау жасадыңыз. Мұнда Tinder туралы қысқаша ақпарат ала аласыз.

Қазір қосылу

Профиліңіз бен жұптар туралы толық ақпарат

Қандай Tinder® суретін пайдалана аламын?

Tinder® профиліңізге өзіңіздің әдемі суреттеріңізді жүктеп салыңыз! Жалғыз түскен және күннен қорғайтын көзілдіріксіз түскен суреттеріңізді қойыңыз. Үздік суреттер назарда болады және күлімдеп түскен суреттеріңіз көп адамға ұнайды.

Биоға не жазуым керек?

Био – өзіңіздің кім екеніңізді қысқаша сипаттайтын жер. Егер жақсы мәтін жазу қолыңыздан келмесе, өзіңізге ұнайтын немесе қалайтын нәрселерді жазып қоюыңызға болады. Жеңіл сөздер қолданыңыз. Хоббиларыңызды жазыңыз немесе жұбыңыздың қандай болуы керектігін жазсаңыз да болады. Биода қандай ақпарат жазылмауы керектігі туралы мәліметті Қауымдастық қағидаларынан оқи аласыз.

Жұп болып қойған адамнан байланысты қалай үзуге болады?

Егер сізге ұнаған бір адамға қатысты ойыңызды өзгертсеңіз, еш оқасы жоқ. Кез келген уақытта байланысты үзе аласыз. Жұбыңыздың профиліндегі немесе чаттағы көк қалқанды басыңыз да, Қауіпсіздікке қатысты құралдар жинағына кіріп, жұппен байланысты үзіңіз.

Tinder®-де қалай жұп болады?

Екі адам бір-бірімен жұп болуы үшін екеуі де Swipe Right® функциясын пайдаланып, бір-бірін ұнатуы керек.

Tinder® жұбыңызды жіберіп алдыңыз деген хабарлама нені білдіреді?

Жұбыңызды жіберіп алдыңыз десек, демек сізді ұнатқан бір адамға сіз Swipe Left™ функциясын қолданғансыз.

Tinder®-дің қалай жұмыс істейтіндігі туралы толық ақпарат

Tinder® тегін бе?

Tinder® қолданбасын App Store және Google Play Store дүкендерінен жүктеп алуға немесе https://tinder.com сайтына кіріп, Tinder-дің веб-нұсқасын пайдалануыңызға болады. Негізгі функциялары профиль жасауға, біреуді ұнату үшін Swipe Right® функциясын қолдануға және өткізіп жіберу үшін Swipe Left™ функциясын қолдануға мүмкіндік береді.

Tinder® қалай жұмыс істейді?

Tinder® сіз орнатқан жыныс, қашықтық және бағдар сүзгілерінің негізінде жұмыс істейтін геодерек технологиясын пайдаланып, сізді профильдерге байланыстырады.

Tinder® профильдері фейк емес пе?

Сіз сөйлесіп отырған адам мен фотосуреттегі адам бір болуы үшін Tinder® фотосурет верификациясын ұсынады. Верификациядан өткен профильдерде көк түсті құсбелгі болады және сізге де құсбелгі алып алуды ұсынамыз. Ол бәріне жараса береді және қауымдастықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Tinder®-ді ноутбуктан пайдалануға бола ма?

Компьютерлік нұсқасын іздеп жүрген адамдар қолданбаның көп функцияларын https://tinder.com сайтынан қолдана алады.

Tinder® қай жерде жұмыс істейді?

Tinder – әлемдік онлайн таныстық платформасы, мұнда жаңа адамдармен танысып, әлеуметтік желіңізді кеңейте аласыз немесе 190-нан астам елдегі жергілікті адамдармен танысуға болады. Келесі сұрақ…

Tinder-дің функциялары мен жазылымдары туралы ақпарат

Tinder Gold™ қалай жұмыс істейді?

Tinder Gold™-қа жазылған соң, сізді ұнатқан адамдардың барлығын бір жерден көре аласыз. Сізді ұнатқандар тақтасындағы профильдермен автоматты түрде жұп болу, өткізіп жіберу және кеңейту арқылы уақыт үнемдеңіз.

Tinder Қарыштау функциясы қалай жұмыс істейді?

Қарыштау функциясы өзіңіз тұрған аймақтағы үздік профильдердің қатарына 30 минут бойы кіруге мүмкіндік береді. Профиліңізді көретін адамдардың санын 10 есе арттырғыңыз келсе, күлгін найзағайды іздеңіз.

Tinder Үздік іріктелгендер функциясы қалай жұмыс істейді?

Біз лейблдардың жанкүйері емеспіз, бірақ біз жақсының жақсылығын байқауға тырысамыз. Үздік іріктелгендер функциясымен мүшелер санатқа бөлінген 10 профильдің ішінен 1-еуін таңдай алады, ал ақылы жазылушылар 10 адамнан тұратын тізімді көруге мүмкіндік алады.

Tinder Gold™ не ұсынады?

Tinder Gold™ жазылымымен сізді кім ұнатқанын көріп, уақыт үнемдеңіз және шексіз лайктар, Rewind®, Passport™, күніне 5 Super Likes™ және айына 1 рет Қарыштау функциясын пайдалана аласыз.

Tinder-де Super Like™ функциясын қайдан көруге болады?

Сізге кім Super Like™ жібергенін көру үшін ықтимал жұптың профилінен көк жұлдызды іздеңіз. Егер тезірек танысуды қаласаңыз, Tinder Gold™ жазылымына ауысыңыз және сізді ұнатқан адамдардың барлығын көріңіз.

Tinder маған супер лайк жіберген кім?

Егер сізге супер лайк жіберген адамды іздеп жүрсеңіз, ықтимал жұптың профилінен көк түсті жұлдызшаны іздеңіз.

Қарым-қатынастар және кездесу туралы ақпарат

Tinder менің үйлену тойыма демеуші бола ма?

Tinder бұрындары үйленген жұптарға демеушілік жасағанымен, қазір ешқандай уәде бере алмаймыз, бірақ сізбен бірге тойлауға әрқашан дайынбыз. Бізге tinderstories@gotinder.com мекенжайы бойынша хат жазыңыз және Tinder-ден сыйлық алуыңыз мүмкін. Өзіңіздің танысқаныңыз туралы жазуды ұмытпаңыз!

Tinder арқылы кездесуге бола ма?

Осы уақытқа дейін 55 миллиард адам жұп болды, сондықтан Tinder-де жаңа адамдармен танысу өте оңай. Профиліңізді ерекшелейтін және жұп табу мүмкіндігіңізді арттыратын функциялар бар, бірақ қашан бірінші қадам жасайтыныңызды өзіңіз ғана шешесіз.

Tinder арқылы махаббатыңызды таба аласыз ба?

Егер өмірлік махаббатыңызды іздеп жүрсеңіз, қателеспедіңіз. Tinder-де бәрі мүмкін және оған кепіл бола аламыз.